Кемінде 53 израильдік тұтқынға алынды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i72830-Кемінде_53_израильдік_тұтқынға_алынды
ХАМАС-пен байланысы бар дереккөз Палестина қарсыласу күштерінің операциялары кезінде кем дегенде 53 израильдіктің, оның ішінде  бірнеше сарбаздың тұтқынға алынғанын және Газа секторына жеткізілгенін хабарлады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаз 07, 2023 18:46 Asia/Almaty

ХАМАС-пен байланысы бар дереккөз Палестина қарсыласу күштерінің операциялары кезінде кем дегенде 53 израильдіктің, оның ішінде  бірнеше сарбаздың тұтқынға алынғанын және Газа секторына жеткізілгенін хабарлады.

 

Сионистік «Yediot Aharonot» газетінің хабарлауынша, ХАМАС-пен байланысы бар бір дереккөз палестиналық ақпарат құралдарына берген сұхбатында қарсыласу күштерінің бүгінгі (сенбі)  операциясында 50-ден астам сионистің тұтқынға алынғанын хабарлады.

ХАМАС-тың осы дереккөзінің хабарлауынша, Палестинаның қарсыласу күштері басып алынған Палестинаның кем дегенде 53 тұрғынын, соның ішінде сионистік режимнің бірнеше сарбазын  тұтқындап, Газа секторына алып кетті.