Кемінде 53 израильдік тұтқынға алынды
Қаз 07, 2023 18:46 Asia/Almaty
ХАМАС-пен байланысы бар дереккөз Палестина қарсыласу күштерінің операциялары кезінде кем дегенде 53 израильдіктің, оның ішінде бірнеше сарбаздың тұтқынға алынғанын және Газа секторына жеткізілгенін хабарлады.
Сионистік «Yediot Aharonot» газетінің хабарлауынша, ХАМАС-пен байланысы бар бір дереккөз палестиналық ақпарат құралдарына берген сұхбатында қарсыласу күштерінің бүгінгі (сенбі) операциясында 50-ден астам сионистің тұтқынға алынғанын хабарлады.
ХАМАС-тың осы дереккөзінің хабарлауынша, Палестинаның қарсыласу күштері басып алынған Палестинаның кем дегенде 53 тұрғынын, соның ішінде сионистік режимнің бірнеше сарбазын тұтқындап, Газа секторына алып кетті.
Тегтер