Иерусалим Пост: 750 израильдіктен хабар жоқ
Сионистік режим ақпарат көздерінің хабарлауынша, "Әл-Ақса дауылы" операциясында 750-ге жуық израильдік хабар-ошарсыз кетті.
Сионистік режим ақпарат құралдарының жексенбі күні хабарлауынша, "Әл-Ақса дауылы" операциясында 100-ге жуық израильдік тұтқынға түсті. Газадағы тұтқындар арасында бейбіт тұрғындар, сарбаздар мен офицерлер бар.
ХАМАС-тың әскери тармағы шәһид Изаддин әл-Қассам батальондарының баспасөз өкілі Әбу Убайда жексенбі күні таңертең: "Израильдік тұтқындар саны Беньямин Нетаньяху жариялаған саннан әлдеқайда көп",-деп мәлімдеді.
Әбу Убайданың айтуынша, "Әл-Ақса дауылы" операциясының алғашқы шабуылында дұшпан позицияларына, соның ішінде әуежайлар мен бекіністеріне 5 мыңнан аса зымыран атылды.