Сионистер Газа секторындағы шабуылында «ақ фосфорды» пайдаланды 
(last modified Wed, 11 Oct 2023 11:18:54 GMT )
Қаз 11, 2023 17:18 Asia/Almaty

Палестина ақпарат құралдары сионистік режимнің Газа секторына жасаған шабуылдарының бейнесін жариялап, бұл режимнің  Хай әл-Карама аймағына шабуылында  тыйым салынған ақ фосфор затын қолданғанын жазды.

 

Газа секторындағы Палестина Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, басқыншылардың ұшақтары мен артиллериясы Газа қаласындағы Хай әл-Караманы үздіксіз шабуылдармен қиратуда. Шабуылдардың ауырлығы мен жолдардың қирауына байланысты сол аймақтағы зардап шеккендерге жедел жәрдем көліктері жете алмайды. Палестина ақпарат құралдары да Газа секторының солтүстігіндегі Хай әл-Карама қаласында көптеген үйлер, мұнаралар мен көше қиылыстарының бомбалануы салдарынан бірнеше палестиналықтардың шәһид болғанын және ондаған адамның жараланғанын хабарлады.