Палестиналық шәһидтердің саны шамамен 2000 адамға дейін өсті
(last modified Sat, 14 Oct 2023 12:53:28 GMT )
Қаз 14, 2023 18:53 Asia/Almaty

Палестина ақпарат көздері Газа секторының Денсаулық сақтау  министрлігіне сілтеме жасап, сионистік режимнің Газа секторына жасаған аяусыз шабуылдарынан кейін палестиналық шәһидтер санының шамамен 2000-ға жеткенін хабарлады.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестина ақпарат құралдары Газа денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап,  бүгін (сенбі) таңертең палестиналық шәһидтер санының артқанын хабарлады.

Палестина ақпарат құралдары сионистердің Газа секторындағы басқыншылығы басталғаннан бері палестиналық шәһидтер санының 2000-ға, жараланғандар санының 7696-ға  жеткенін хабарлады.

Өткен аптада палестиналықтардың қарсыласу операциясынан кейін сионистік министрлер кабинеті соғыс жағдайын жариялап, Газа  секторында су мен электр қуатын өшірді. Бұл шабуылда Израиль  армиясы көптеген азаматтық нысандарды, соның ішінде Газа секторындағы бірнеше ауруханаларды, мешіттерді және тұрғын үйлерді нысанаға алды. Израильдің Байланыс министрі Шломо Кархи жұма  кешке  осы режимнің бүгін сенбіде Газа секторындағы  интернет қызметтерін тоқтататынын ресми түрде мәлімдеді.