Газада 12-ші палестиналық журналист шәһид болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73090
Бір ақпарат көзі 12-ші палестиналық журналистің Газа секторының солтүстігіндегі үйінің бомбалануы нәтижесінде шәһид болғанын  хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 17, 2023 20:47 Asia/Almaty
  • Газада 12-ші палестиналық журналист шәһид болды

Бір ақпарат көзі 12-ші палестиналық журналистің Газа секторының солтүстігіндегі үйінің бомбалануы нәтижесінде шәһид болғанын  хабарлады.

 

Палестиналық Al-Youm телеарнасының хабарлауынша, осы арнаның тілшісі  Мұхаммед Баалоше бүгін таңертең (сейсенбі) сионистік режим армиясының Газа секторының солтүстігіндегі әл-Сафатави ауданындағы үйін бомбалауының салдарынан шәһид болды. Осы хабарға қарағанда, осы шәһидті қосқанда, Газа секторында шәйіт болған журналистер саны 12-ге жетті, жараланған журналистер саны 20-дан асқан. Палестиналық журналистер қауымдастығы да бұл қақтығыстарда екі журналистің із-түзсіз жоғалып кеткенін және 50 медиа мекемесінің жойылғанын хабарлады.

Палестинаның Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі өзінің соңғы статистикалық мәліметтерінде: "Сионистік режимнің үздіксіз бомбалауынан шәһид болғандардың саны 2873-тен астам қорғансыз палестиналықтарға жетіп, тағы 12 мың адам жараланды. Иордан өзенінің батыс жағалауында шәһид болғандар саны 58 адамға жетті",- деп жариялады.