Тель-Авив Газаның 24 ауруханасы шұғыл түрде босатылады деп ескертті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73146-Тель_Авив_Газаның_24_ауруханасы_шұғыл_түрде_босатылады_деп_ескертті
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сионистік режимнің Газадағы 24 ауруханаға қысым жасап, оларды босату туралы ескерту айтқанын хабарлады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаз 19, 2023 21:49 Asia/Almaty
  • Тель-Авив Газаның 24 ауруханасы шұғыл түрде босатылады деп ескертті

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сионистік режимнің Газадағы 24 ауруханаға қысым жасап, оларды босату туралы ескерту айтқанын хабарлады.

Сионистік режим бүгін Газа секторындағы тұрғын аудандарды бомбалап, ондаған палестиналықтың қаза тауып, жаралануына себеп болды. Өткен 24 сағатта қаза тапқандар саны 678 адамға жетті.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, басқыншылардың шабуылы салдарынан осы күнге дейін 44 медицина қызметкері қаза тауып, 70 адам жараланды. Басқа жағынан дәрі-дәрмек пен электр қуатының тапшылығы салдарынан 4 аурухана мен 14 медпункт жұмысын тоқтатты.