Сионистік режим Газаның әз-Заһра қаласында 20-дан аса тұрғын үйді қиратты
Палестина ақпарат құралдарының хабарлауынша, сионистік режим армиясының қырғи ұшақтары әз-Заһра қаласына қарқынды шабуыл барысында 20-дан аса тұрғын үй кешенін қиратты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа секторының оңтүстігінде орналасқан әз-Заһра қаласы – Палестина автономды құрылымының түрлі министрліктері мен мекемелерінің қызметкерлері үшін салған жаңа қаласы.
Сионистік режимнің армиясы Газаға шабуылдарының он төртінші күнінде тұрғын аудандарға шабуылын жалғастырып, ондаған адамды шәһид етті.
Сионистік режимнің Газаға үздіксіз шабуылдары салдарынан осы күнге дейін 3785 адам қаза тауып, 12 мыңнан аса адам жараланды. Олардың көбі – әйелдер мен балалар.
Басқа жағынан Al-Jazeera арнасының тілшісі: "Израиль үкіметі Аскалан қаласы тұрғындарын шығаруға көмектесу үшін бір жоба бекітті",-деп хабарлады.