"Әл-Қассам" батальондары: АҚШ үкіметінің сионистік режимге қолдауы бұл режимді құтқара алмайды
ХАМАС-тың әскери тармағы "Әл-Қассам" батальондарының ақпарат өкілі дұшпанның әл-Ақса мешіті мен Палестина халқына қарсы қылмыстарына тоқталып: "АҚШ үкіметінің сионистік режимге қолдауы бұл режимді құтқара алмайды",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абу Убайда бейсенбі күні кешке аудиофайл жариялап, әлемде ешкімнің қарсыласу өзегін жоюға әлі жетпейтінін айтып: "Дұшпанға жауабымыз жойқын болады",-деді.
Абу Убайда қарсыласу күштерінің өте жақсы әрекет етіп жатқанын және ұзақ мерзімді шабуылға дайын екенін айтып: "Сионистік режимді құлату үшін халықтан Палестина шекарасына қарай қозғалуды сұрады",-деді.
Абу Убайда қарсыласу күштерінің жағдайын жақсы деп сипаттап: "Олар әлі де шайқас алаңын басқарып отыр",-деді.