Газа халқының 60 пайыздан астамы босқынға айналды
Қаз 21, 2023 17:03 Asia/Almaty
БҰҰ Гуманитарлық істер басқармасы Газада шамамен 1,4 миллион адамның босқынға ұшырағанын және 544 мыңнан астам адамның Біріккен Ұлттар Ұйымының 147 апатты баспанасына орналастырылғанын хабарлады.
Осы статистикаға сәйкес, қазір Газа секторындағы 2 миллион халықтың 60 пайыздан астамы босқынға айналған. Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық үйлестіру кеңсесі Газаға электр қуатын өшіру және жанармай импортына тыйым салу денсаулық сақтау жүйесі мен қауіпсіз ауыз суға қол жеткізу үшін жойқын әсер ететінін баса айтты.
Бұл мәлімдемеде «Зиянды көздерден алынған суды тұтынудың артуы жұқпалы ауруларды жұқтыру және оның таралу мүмкіндігін арттырады» делінген.
Тегтер