Тель-Авив: Газаға шабуылдарды күшейтеміз
Газа секторына құрлық шабуылына дайындықтың аяқталғаны туралы хабарлармен бір мезгілде Израиль армиясы жексенбіден бастап бұл аймаққа шабуылдарын күшейтетінін жариялады.
БҰҰ мен Қауіпсіздік Кеңесі сияқты халықаралық институттар сионистік уақытша режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарына көздерін жұмып, тіпті Батыс елдері де басқыншылардың Газа секторына жасаған шабуылдарын қолдап отырған жағдайда, Тель-Авив бұл аумаққа қарсы шабуылдардың күшеюін хабарлады.
Израиль армиясы жексенбі күні таңертең Газа секторына бүгіннен бастап аяусыз шабуылдарын күшейтетінін хабарлады.
Сонымен бірге Тель-Авив телеарнасының 13 арнасы бұл режим армиясының Газа секторына құрлық шабуылына дайындықты аяқтағанын және тек саяси кабинеттің мақұлдауын күтіп отырғанын айтты.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы бойынша, сионистік режимнің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы халыққа қарсы жан-жақты шабуылдан зардап шеккендердің саны 5 мыңға жуық шәһид пен 14 мыңнан астам жаралыға жетті.