Газадағы сионистік басқыншы режимнің жантүршігерлік қылмыстарын әшкерелеу үшін біртұтас болуымыз керек
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы: «Сионистік басқыншы режим Газада жан түршігерлік қылмыстар жасауда табандылық танытуда және осы себепті оның қылмыстарын әшкерелеу үшін бірлік болуы керек»,- деді.
Исмаил Хание «әл-Ақса дауылының» майдандағы өзгерістері мен сионистік режимнің Газа секторындағы жалғасып жатқан қылмыстарына тоқталып: «Үмбет ғалымдарынан, көрнекті тұлғалардан және әлеуметтік желілердегі ықпалды жастардан сионистік режимнің Газадағы қылмыстарын әшкерелеуді жалғастыруды сұраймыз»,- деп айтты.
ХАМАС қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы бұдан бұрын сионистік режимнің басқыншылықтары мен қылмыстарының жалғасуы Палестина мен аймаққа қатысты теңеулер мен жоспарларды бұзады және бұл шайқас аймақтық шайқасқа айналуы мүмкін деп ескертті.