"Әл-Ақса дауылы" операциясы басталғалы осы уақытқа дейін 5400 сионис жараланған
Сионистік режимнің Денсаулық сақтау министрлігі "әл-Ақса дауылы" операциясы басталғаннан бері 5400 сионистің жараланғанын хабарлады.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Израиль режимінің Денсаулық сақтау министрлігі бір хабарында "әл-Ақса дауылы" операциясы басталғалы 5400 сионистің жараланғанын және олардың 40-ының жағдайы ауыр деп жариялады. Сионистік режимнің Денсаулық сақтау министрлігі де басып алынған аймақтарда бұрын-соңды болмаған психикалық аурулардың таралу дағдарысымен күресу үшін «ми және жүйке» және «жүйке және психика» дәрігерлерінің кең көлемде жұмысқа тартылғанын, сондай-ақ соғыс аймақтарындағы қызметтен қашып, баспаналарда жасырынған дәрігерлер дағдарысымен бетпе-бет келгенін хабарлады.
Сионистік режимнің ақпарат құралдары «Әл-Ақса дауылы» операциясы мен Газа секторымен соғыс кезінде бұл режим экономикасының күнделікті 300-ден 400 миллион долларға дейін шығынға ұшырағанын хабарлады.