Израиль Газаны атом бомбасының көлеміндей бомбалады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73266-Израиль_Газаны_атом_бомбасының_көлеміндей_бомбалады
Газадағы үкіметтің баспасөз кеңсесі сейсенбі күні кешке сионистік режимнің өткен 18 күнде Газаға тастаған бомбаларының көлемі Хиросимаға тиген атом бомбасының қуатына тең екенін хабарлады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаз 25, 2023 18:45 Asia/Almaty
  • Израиль Газаны атом бомбасының көлеміндей бомбалады

Газадағы үкіметтің баспасөз кеңсесі сейсенбі күні кешке сионистік режимнің өткен 18 күнде Газаға тастаған бомбаларының көлемі Хиросимаға тиген атом бомбасының қуатына тең екенін хабарлады.

 

Газада орналасқан үкіметтің БАҚ кеңсесінің хабарлауынша, сионистік режимнің басқыншылығы басталғаннан бері бұл режим осы жолақтың әр шаршы километріне 33 тонна жарылғыш зат тастады және осы уақытқа дейін бұл режим Газаға қарсы 12 мың тонна жарылғыш затты пайдаланды.

Сейсенбі, 24 қазан күні Израиль армиясы Газа секторының әртүрлі аймақтарында 18-ші күн қатарынан бейбіт тұрғындарды бомбалауын жалғастырып, нәтижесінде көпшілігі балалар мен әйелдер болған тағы 140 палестиналық шәһид болды.