Қаз 26, 2023 21:58 Asia/Almaty
  • Хание Ресей мен Қытайдың Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ қарарына вето қоюдағы ұстанымын жоғары бағалады

ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысының саяси бюросының басшысы мәлімдемесінде Ресей мен Қытайдың Қауіпсіздік кеңесіндегі ұстанымын және Американың сионистік басқыншы режимді қолдайтын қарарына вето қоюын жоғары бағалады.

 

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исмаил Хание Газа халқына қарсы шабуылдар мен қылмыстардың тез арада тоқтатылуын талап еткен Қауіпсіздік кеңесіне мүше және мүше емес елдердің барлығын бағалап, алғыс білдірді.

Хание халықаралық қауымдастықтан сионистік режимді адам құқықтарын құрметтеуге және Палестина халқының, әсіресе Газа халқының құқығы үшін халықаралық және гуманитарлық заңдар мен қарарларды орындауға міндеттеуді сұрады.

Ресей мен Қытай Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың тек сионистік режимнің мүддесін қарастырған Газа секторына қатысты қарарына вето қойды. Бұл қарарда Газаға гуманитарлық көмек жіберу туралы айтылғанымен, сионистік режимнің Газа халқына қарсы шабуылдары мен қылмыстарын тоқтату туралы айтылмаған.

 

Тегтер