Өткен түнде Газаға жасалған шабуылдарда 100-ден астам палестиналық шәһид болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73330-Өткен_түнде_Газаға_жасалған_шабуылдарда_100_ден_астам_палестиналық_шәһид_болды
Израиль армиясының Газаға түнгі ену шектеулі операциясының басталуымен және кеше түннен бүгін таңға дейін бомбалауы салдарынан 100-ден астам бейбіт тұрғын шәһид болды.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаз 28, 2023 17:59 Asia/Almaty
  • Өткен түнде Газаға жасалған шабуылдарда 100-ден астам палестиналық шәһид болды

Израиль армиясының Газаға түнгі ену шектеулі операциясының басталуымен және кеше түннен бүгін таңға дейін бомбалауы салдарынан 100-ден астам бейбіт тұрғын шәһид болды.

 

"Әл-Маядиннің" сенбі күнгі хабарына қарағанда, Израильдің Газа секторына әуе шабуылы басталғаннан бері палестиналық шәһидтер саны артты. Осы есеп бойынша осы шабуылдар кезінде 7300-ден астам палестиналық шәһид болып, 18 мың адам жараланған.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі 7 қазаннан бері  Иордан өзенінің батыс жағалауында палестиналық шәһидтердің саны 110 адамға және 1900-ден астам жаралыға жеткенін хабарлады.

Газа секторындағы Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамы: "Біз қазір бұл аймақта денсаулық апатымен бетпе-бет келіп отырмыз, өйткені палестиналықтар зиянды ауыз суды тұтынуға мәжбүр",- деп ескертті.

Газа Азаматтық қорғаныс ұйымының ақпарат хатшысы сондай-ақ сионистік режим әскери ұшақтарының әуе шабуылдарының үйінділерінің астында қалған палестиналықтардың санының 1600-ден астам екенін хабарлады.