Тель-Авив Газада атысты тоқтату туралы өтінішті қабылдамады
(last modified Sat, 28 Oct 2023 12:26:18 GMT )
Қаз 28, 2023 18:26 Asia/Almaty
  • Тель-Авив Газада атысты тоқтату туралы өтінішті қабылдамады

Израиль сыртқы істер министрі БҰҰ-ның Газада гуманитарлық атысты тоқтату туралы өтінішін қабылдамаумен бірге, бұл қарарды қолдап дауыс берген 120 елді өшпенділік тудырды деп айыптады.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, кеше түнде  Эли Коэн Газа секторында гуманитарлық атысты тоқтату резолюциясын бекіткен елдерді өшпенділік тарату деп айыптап, осыған байланысты кез келген өтінішті үзілді-кесілді қабылдамады.

Коэн өзінің X желісіндегі (бұрынғы Twitter) ресми парақшасында былай деп жазды: "Біз БҰҰ Бас Ассамблеясының (Газа секторында) атысты тоқтату туралы жеккөрінішті өтінішін үзілді-кесілді қабылдамаймыз".

Палестинаның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас ассамблеясы кеше, жұма күні түнде Газа секторына қатысты қарар қабылдап, тез арада және тұрақты гуманитарлық атысты тоқтатуға шақырды. 120 ел бұл қарарды қолдап дауыс берді, 14 мемлекет қарсы болса, 45 мемлекет дауыс беруден бас тартты.