Газа ауруханаларын бомбалау күшейе түсті
Сионистік режимнің қырғи ұшақтары "әл-Құдс", "Түркия" және "әл-Ақса" атты үш аурухананың айналасын қатты бомбалады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл бомбалаулар сионистік басқыншылардың бірнеше рет аталмыш ауруханаларды босатуға бұйрық бергенінен кейін жасалды. Бірақ соғыс жағдайында ауруханаларды босату және мыңдаған науқас пен жаралыларды басқа жерге тасымалдау мүмкін емес.
Газа секторындағы "Түркия" достық ауруханасының директоры Собхи Сакик бірнеше сағат бұрын: "Аурухана айналасын бомбалау күшейіп, ғимаратқа зиян тиген соң обыр ауруына шалдыққандар мен аурухана қызметкерлерінің алаңдаушылығы артты",-деді.
Басқа жағынан Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Ашраф әл-Қадра: "Сионистік дұшпан медициналық орталықтарды жоюды көздеп отыр. Әл-Момадани ауруханасындағыдай қырғын қайталана ма деп алаңдаймыз",-деді.