Йеменде Сауд Арабиясының бір топ жалдамалы күші өлтірілді
Йеменнің отставкадағы президентіне қарасты күштер мен Сауд Арабиясының жалдамалы күштері шабуыл нысанасына алынды.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Йеменнің оңтүстігінде Эль-Мукаллада Йеменнің отставкадағы президенті Абдраббе Мансур Хадиге қарасты күштердің жолында бомба орнатылған үш көлік жарылып, осы күштерден кем дегенде 13 кісі қаза тапты.
Мансур Хадиге қарасты күштер Сауд Арабиясының жетекшілігіндегі шапқыншылар коалициясы күштерінің көмегімен Аденге жақын жердегі Эль-Мукалла қаласын жаулап алды.
Йеменнің оңтүстік облыстарына қауіпсіздік орнату Сауд Арабиясының жетекшілігіндегі шапқыншылар коалициясы қалпында оңтүстік облыстарға орналастырылған БАӘ әскерилерінің мойнында.
Йеменнің оңтүстік аймақтарындағы Абдраббе Мансур Хадиге қарасты күштердің күнделікті шығындары БАӘ-нің осы аймақтарда қауіпсіздікті сақтаудағы қауқарсыздығын аңғартады. Осы мәселе БАӘ мен Мансур Хади арасындағы келіспеушіліктерді арттырып отыр.