Газада шәһид болғандар саны 8306 адамға жетті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73400-Газада_шәһид_болғандар_саны_8306_адамға_жетті
Газаның Денсаулық сақтау министрлігі: "Осы уақытқа дейін сионистік режимнің Газа секторына шабуылдарынан қаза болғандар саны 8306 адамға жетті",-деп хабарлады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаз 30, 2023 23:47 Asia/Almaty
  • Газада шәһид болғандар саны 8306 адамға жетті

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі: "Осы уақытқа дейін сионистік режимнің Газа секторына шабуылдарынан қаза болғандар саны 8306 адамға жетті",-деп хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газада Хамасқа бағынышты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі дүйсенбі, соғыстың 24-ші күнінде: "Осы кезге дейін 21048 адам түрлі жарақат алды. Олардың ішінде 3457 бала мен 2136 әйел бар",-деді.  

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ: "Басқыншы режим медициналық көмек көрсетуге кедергі келтіру мақсатында жедел жәрдем көліктерін нысанаға алады. Осы күнге дейін бомбалау салдарынан 25 жедел жәрдем көлігі жойылды. Мұнымен бір мезгілде Газада 25 аурухана жұмысын тоқтатты",-деді.

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз өкілінің айтуынша, осы күнге дейін 1950 адам үйінді астында жатыр, олардың 1050-і – балалар.

Ол бұдан әрі Газаның барлық тұрғындарынан қан тапсыру үшін Аль-Шифа ауруханасына баруды сұрады.