Айн әл-Асадтағы америкалық базада төрт күшті жарылыс болды
(last modified Tue, 31 Oct 2023 11:18:34 GMT )
Қаз 31, 2023 17:18 Asia/Almaty
  • Айн әл-Асадтағы америкалық базада төрт күшті жарылыс болды

Қауіпсіздік көзі Al-Mayadeen желісіне Ирактың Айн әл-Асад базасы төрт зымыранмен нысанаға алынғанын айтты.

 

Ирак исламдық қарсыласу ұйымы мәлімдеме жариялау арқылы бұл шабуылды өз мойнына алды. Бұл топтың мәліметінше, бұл шабуыл нысанаға тиген бірнеше зымыран арқылы жасалған.

Бұл дереккөздердің хабарлауынша, әл-Омар мұнай кенішіндегі америкалық базада жарылыс болып, дәл осы уақытта Американың ДАИШ-ке қарсы коалициясының тікұшақтары осы аймақта ұшқан. Басып алынған Палестина жерлеріндегі соғыстың күшеюінен кейін соңғы бірнеше күнде Ирак пен Сирияның әртүрлі аймақтарындағы америкалық базаларға шабуыл жасалып, осы шабуылдар салдарынан ондаған америкалық сарбаз жараланды.