Йемен армиясының шабуылдары сионистік режимнің кемелерін Қызыл  теңізге жіберді
(last modified Wed, 01 Nov 2023 14:24:24 GMT )
Қар 01, 2023 20:24 Asia/Almaty
  • Йемен армиясының шабуылдары сионистік режимнің кемелерін Қызыл  теңізге жіберді

Йемен қарулы күштерінің сионистік режимге қарсы шабуылдарының күшеюімен бұл режим өзінің әскери кемелерін Қызыл теңізге жіберді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің "Аль-Яум" желісі сәрсенбі күні Йемен қарулы күштерінің басып алынған жерлерге ұшқышсыз ұшақтары мен зымырандық шабуылдарынан кейін Израиль армиясының әскери кемелерін Қызыл теңізге жібергенін хабарлады.

Израиль армиясы: "Жағдайды бағалау және аймақтағы әрекеттер аясында Израиль теңіз күштерінің әскери кемелері Қызыл теңіз аймағына кірді",- деп жариялады. Бүгін таңертең сионистік режим армиясының ақпарат хатшысы Даниел Хегари: «Бірнеше минут бұрын Қызыл теңіздің жағасынан Эйлат қаласына қарсы әуе қауіпі анықталды",- деді. Сионистік Кан желісі де сейсенбіде былай деп жазды: "Йеменнен көтерілуі мүмкін құстарды санау мүмкін емес".

Йемен қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхья Сари сейсенбі күні мәлімдеме жасап, елдің ұшқышсыз ұшақтары мен зымырандық бөлімшелерінің басып алынған жерлерді нысанаға алғанын және бұл шабуылдардың сионистік режимнің басқыншылығы аяқталғанға дейін жалғасатынын хабарлады.