Сионистік режим тарапынан қаза тапқан әскерилер саны 332 адамға жетті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73460-Сионистік_режим_тарапынан_қаза_тапқан_әскерилер_саны_332_адамға_жетті
Сионистік режимнің армиясы Газада Қассам күштерімен қақтығыста өздерінің тағы бір сарбазының қайтыс болғанын мойындады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қар 02, 2023 23:27 Asia/Almaty
  • Сионистік режим тарапынан қаза тапқан әскерилер саны 332 адамға жетті

Сионистік режимнің армиясы Газада Қассам күштерімен қақтығыста өздерінің тағы бір сарбазының қайтыс болғанын мойындады.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауынша, сионистік режимнің армиясы Газадағы қақтығыстарда 7007-ші батальонның сарбазы Юваль Зильбердің қайтыс болғанын хабарлады.

Зильбер – соңғы 24 сағатта Газа шекарасында қаза тапқан 17-ші израильдік сарбаз.

Осылайша Сионистік режим армиясының "әл-Ақса дауылы" операциясында қаза тапқандар саны 332 адамға жетті.

Сионистік режим өз тарапынан қаза тапқандар саны туралы ақпаратты тамтұмдап беру саясатын ұстанатындықтан адам шығыны ресми мәліметтен әлдеқайда көбірек болуы әбден мүмкін.