Сионистік режим тарапынан қаза тапқан әскерилер саны 332 адамға жетті
Қар 02, 2023 23:27 Asia/Almaty
Сионистік режимнің армиясы Газада Қассам күштерімен қақтығыста өздерінің тағы бір сарбазының қайтыс болғанын мойындады.
Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауынша, сионистік режимнің армиясы Газадағы қақтығыстарда 7007-ші батальонның сарбазы Юваль Зильбердің қайтыс болғанын хабарлады.
Зильбер – соңғы 24 сағатта Газа шекарасында қаза тапқан 17-ші израильдік сарбаз.
Осылайша Сионистік режим армиясының "әл-Ақса дауылы" операциясында қаза тапқандар саны 332 адамға жетті.
Сионистік режим өз тарапынан қаза тапқандар саны туралы ақпаратты тамтұмдап беру саясатын ұстанатындықтан адам шығыны ресми мәліметтен әлдеқайда көбірек болуы әбден мүмкін.
Тегтер