Сионистердің Газа секторындағы жаңа қылмысы
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73522-Сионистердің_Газа_секторындағы_жаңа_қылмысы
Бүгін таңертең сионистік режимнің әл-Мағази лагеріне шабуылы салдарынан кемінде 51 палестиналық қаза тауып, 100 адам жараланды.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қар 05, 2023 19:49 Asia/Almaty

Бүгін таңертең сионистік режимнің әл-Мағази лагеріне шабуылы салдарынан кемінде 51 палестиналық қаза тауып, 100 адам жараланды.

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестинаның ақпарат құралдары жексенбі күні таңертең сионистік режим қырғи ұшақтарының Газаның орталық бөлігіндегі әл-Мағази лагеріне аяусыз шабуыл жасағанын хабарлады.

Газа секторындағы ауруханалық ақпарат көзі: "Басқыншылар әл-Мағази лагерінде 3 үйге шабуыл жасады. Соның салдарынан кемінде 47 палестиналық қаза тапты. Олардың көбі – балалар",-деді.

Бірнеше сағат өткеннен кейін Палестинаның "Уафа" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің әл-Мағази лагеріне аяусыз шабуылдарының құрбандар саны 51-ге жетіп, жараланғандар саны 100-ден асты.

Басқа жағынан "Шаһаб" ақпарат агенттігі сионистік режим армиясының әш-Шати лагеріне тыйым салынған фосфорлы бомбалармен шабуыл жасаған сәті түсірілген видеоны жариялады.