Сионистік режимнің Газаға шабуылында 60 израильдік тұтқын қаза тапты
Қассам батальондарының әскери ақпарат өкілі: "Сионистік режим Газаны бомбалау арқылы 60 израильдік тұтқынның жанын қиды",-деді.
Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абу Убайда: "Әл-Ақса дауылы" операциясы басталғалы бері сионистік режимнің Газаны бомбалаулары барысында 60-тан аса израильдік тұтқын қаза тапты", -деп баса айтты.
Абу Убайда 23 израильдік тұтқынның мүрделерінің әлі де үйінді астында жатқанын айтып: "Бомбалаулар жалғасып жатқандықтан олардың мүрделерін алып шыға алмаймыз",-деді.
Қассам батальондарының әскери ақпарат өкілі өткен аптада: "Сионистік режимнің Джебелия аймағындағы палестиналық лагерьге шабуылы барысында қарсыласу күштерінің қолындағы 7 тұтқын, соның ішінде шетелдік паспорты бар 3 бейбіт тұрғын қаза тапты",-деп хабарлады.
Сионистік режимнің армиясы өткен апта жексенбі күні: "Газа секторында ХАМАС қозғалысының қолында 239 тұтқын бар",-деп хабарлады.
Сионистік режим армиясының ақпарат өкілі: "Тұтқындардың жанұялары туыстарының ХАМАС-тың қолында екенінен хабардар",-деді.