Халеб қарсыласу қозғалысы мен шапқыншылардың соңғы күш сынасуы болып табылады
(last modified Fri, 13 May 2016 02:24:18 GMT )
Maм 13, 2016 08:24 Asia/Almaty
  • Халеб қарсыласу қозғалысы мен шапқыншылардың соңғы күш сынасуы болып табылады

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Халеб қаласы Сириядағы қарсыласу қозғалысы мен шапқыншылардың соңғы күш сынасуы болып табылады" деді.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы дивизия басшысы Мохсен Резаи Халеб қаласының қазіргі жағдайы мен осы қаладағы тәкфирлік лаңкестерді қару-жарақ, логистикалық және барлау жағынан жабдықтау тәсілі туралы баяндап: «Қару, оқ- дәрі, қаржы және азық- түлік оңтүстік шекаралар мен Түркияның Искандарун портынан лаңкестердің қолына жеткізіледі.

Хабел тақырыбы Сауд Арабиясы мен Түркия үшін абырой мәселесі болып отыр. Сондықтан олар барынша күш жұмсап араласады. Шын мәнінде Халеб қарсыласу қозғалысы мен шапқыншылардың соңғы күш сынасуы болып табылады» деді.

Соңғы кезде хабар көздері арнайы соғыстардың маманы болып табылатын Түркия, Сауд Арабиясы және АҚШ генералдарының тәкфирліктерге қосылғанын және шындығында «Хан Туман» операцияларын солар басқарғанын растады.

Лаңкестік тәкфирлік топтар өткен жұма күні АҚШ пен Ресей келіскен ымыраны асыра пайдаланып, сириялық күштер мен қарсыласу күштеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, Сирияның Халеб облысының оңтүстігінде орналасқан «Хан Туман» аймағын басып алды.