Қар 08, 2023 19:00 Asia/Almaty
  • Сионистік режим әскерлері Иордан өзенінің батыс жағалауы аймақтарына шабуыл жасады

Сионистік режим күштерінің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халильдің солтүстігіне жасаған шабуылында бір палестиналық басқыншы күштердің қолынан шәһид болды. Басқа екі адам зардап шекті.

 

Соңғы отыз екі күнде Иордан өзенінің батыс жағалауында 163 палестиналық сионистік сарбаздардың қолынан шәһид болды. Басқыншылар Түлкарам лагерін зымыранмен нысанаға алып, Дженин лагеріне беттеді, сонда палестиналық қарулы топтардың қарқынды атқылауына тап болып, шегінуге мәжбүр болды.

 

Тегтер