Газадағы соғыстың 33-ші күні: Шәһидтер саны 10 569 адамға жетті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73606-Газадағы_соғыстың_33_ші_күні_Шәһидтер_саны_10_569_адамға_жетті
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі 7 қазаннан бері Газа секторындағы шәһид санының 10 мың 569-ға жеткенін жариялады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 08, 2023 20:16 Asia/Almaty
  • Газадағы соғыстың 33-ші күні: Шәһидтер саны 10 569 адамға жетті

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі 7 қазаннан бері Газа секторындағы шәһид санының 10 мың 569-ға жеткенін жариялады.

 

 

Осы хабарға қарағанда, басқыншы режимнің шабуылдарының 33-ші күніндегі Газа соғысында шәйіт болғандардың саны 4324-і бала, 2823-і әйел болған 10569 адамға жетті.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы  Ашраф әл-Қадара Газада әзірге 2550 із-түзсіз жоғалу оқиғасы тіркелгенін, оның 1350-і балалар екенін және үйінді астында қалғанын хабарлады. Ол Газада әрбір он минут сайын бір бала өлетінін және құрбандардың 70 пайызының әйелдер мен балалар екенін баса айтты.