Сионистік әскерилердің адам шығыны 351 адамға жетті
(last modified Thu, 09 Nov 2023 11:24:41 GMT )
Қар 09, 2023 17:24 Asia/Almaty
  • Сионистік әскерилердің адам шығыны 351 адамға жетті

Сионистік режим армиясының баспасөз өкілі бейсенбі күні: "7 қазаннан бері Израиль армиясының қаза болғандар саны 351 адамға жетті",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа секторында ұрланып, тұтқында жатқан израильдіктер саны 239 адам деп жарияланды.

Осы жағдайда ХАМАС саяси кеңсесі басшысының орынбасары Салех әл-Арури сәрсенбі күні: "Сионист дұшпан Газаға қаншалықты енсе, олардың әскерилері арасында шығын соншалықты арта түседі",-деді.

Салех әл-Арури: "Газа сенен (Нетаньяху) және басқалардан әлдеқайда үлкен. Сен де, басқалар да Газадағы қарсыласу күштерін ешқашан жеңе алмайсыңдар",-деді.