Басқыншыларға қарсы жалғыз шешім жолы – қарсыласу
(last modified Sun, 12 Nov 2023 11:32:08 GMT )
Қар 12, 2023 17:32 Asia/Almaty
  • Басқыншыларға қарсы жалғыз шешім жолы – қарсыласу

Ливан Хизбулласының бас хатшысы Шәһидтер күніне орай сөйлеген сөзінде аймақтағы, әсіресе Газадағы қазіргі жағдайды тарихи деп сипаттап: "Сионистердің Газа секторына шабуыл жасауы, осы қоршалған аймақты күндіз-түні бомбалауы, әсіресе жалған сылтаулармен ауруханаларды нысанаға алуы және соның салдарынан көп адам, көбінесе әйелдер мен балалардың шәһид болуы, Газа тұрғындарының көбінің босқынға айналуы – сионистердің кегінің бір бөлігі, олардың айуандық рухының белгісі",-деді.

Сейіт Хасан Насролла дұшпанның басты мақсаттарының бірін Палестина, Ливан мен аймақтың халықтарын тізе бүгуге мәжбүрлеу екенін айтып: "Сионистер палестиналықтарға Палестинаны – өзеннен теңізге дейінгі өз жерін ұмытыңдар деп айтқысы келеді",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы басқыншылардың өз есебінде тағы жаңылғанын айтып: "Дұшпан қылмыс жасау арқылы ешқашан Палестина мен аймақ халықтарын тізе бүктіре алмайды. Өйткені қылмыстардың жалағасып жатқанына 75 жылдан аса уақыт өтті. Бірақ бұған керісінше қарсылық пен табандылық арта түсті",-деді.

Сейіт Хасан Насролла басқыншыларды жеңудің жалғыз жолы бітім мен тізе бүгу емес, қарсыласу екенін айтып: "Дұшпан шәһидтердің қанынан қарсыласу қозғалысының жаңа буыны қалыптасатынын білуі тиіс. Олар мықтырақ болады. Басқыншылардың жойылатыны анық",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы Эр-Риядта Ислам елдері басшыларының саммиты өткеніне тоқталып: "Мұсылмандардың осы саммиттен ең аз дегенде күтетіні мынау: бұл елдер немесе Араб лигасы соғысты тоқтату үшін АҚШ-қа қарсы тұруы тиіс",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы Газаға қолдау ретінде Ливан, Сирия мен Йеменде жаңа майдан ашылғанына тоқталып, америкалықтарға: "Егер аймақтық деңгейде соғыспен бетпе-бет келгілеріңіз келмесе, Газа соғысын тоқтатыңыздар",-деді.