Сириядағы екі америкалық базаға ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасалды
(last modified Tue, 14 Nov 2023 10:36:21 GMT )
Қар 14, 2023 16:36 Asia/Almaty
  •   Сириядағы екі америкалық базаға ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасалды

Ирактың исламдық қарсыласуы тобы жеке мәлімдемелер жасап, осы шабуылдар үшін жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, сионистердің Газа секторына қарсы жасаған қылмыстарына жауап ретінде бірнеше ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланып, америкалық базаларға шабуыл жасағанын мәлімдеді.

 

"Sabrin News" Telegram арнасы Дейр-эз-Зорда орналасқан "Әл-Омар" мұнай кенішіндегі америкалық басқыншылардың орналасқан жеріне ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағанын хабарлады.

Бұл дереккөз бірнеше минуттан кейін әл-Омардағы америкалық базаға тағы да шабуыл жасалғанын жазды. Біраз уақыттан кейін Sabrin News арнасы тағы да Сирияның тереңіндегі әл-Хадра ауылындағы америкалық базасы бірнеше ұшқышсыз ұшақтардың шабуылына ұшырағанын хабарлады.