ХАМАС: Әл-Шафа ауруханасына жасалған шабуыл –  соғыс қылмысы және адамзатқа қарсы
(last modified Wed, 15 Nov 2023 12:55:55 GMT )
Қар 15, 2023 18:55 Asia/Almaty
  • ХАМАС: Әл-Шафа ауруханасына жасалған шабуыл –  соғыс қылмысы және адамзатқа қарсы

ХАМАС пен Газадағы Палестина үкіметі жеке мәлімдемелерінде әл-Шафа ауруханасына жасалған шабуылды соғыс қылмысы және адамзатқа қарсы әрекет деп сипаттап, АҚШ, Израиль және халықаралық қауымдастықты бұл  қылмысқа қатысты ескертті.



Сионистік режимнің сарбаздары бірнеше күндік қоршаудан кейін осы сәрсенбі күні таңертең әл-Шафа ауруханасына басып кірді. Бұл аурухананы паналаған 180 медицина қызметкері мен 9 000 жуық адам бар делінген.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ХАМАС қозғалысы мәлімдеме жариялау арқылы басқыншы режимді, Америка үкіметін және президент Джо Байденді басқыншылардың әл-Шафа ауруханасына жасаған шабуылының салдары үшін толығымен жауапты деп санады.

ХАМАС бұл мәлімдемесінде басқыншылар мен олардың нацизм жетекшілері Байден және оның үкіметімен бірге сионистік армияның әл-Шафа ауруханасына жасаған шабуылына толығымен жауапты болатынын  айтты. Бұл мәлімдемеде: "Біріккен Ұлттар Ұйымының үнсіздігі және көптеген елдер мен халықаралық ұйымдарымыздың қорлауы Палестина халқының өз жері мен заңды ұлттық құқықтарын сақтауына кедергі бола алмайды. Біз Палестина халқын және олардың құқықтарын бар күшімізбен қорғауға берген уәдемізді ұстануды жалғастырамыз және басқыншылар біздің балаларымызға, әйелдерімізге және қасиетті жерлерімізге қарсы қылмыстары мен агрессиялары үшін ауыр шығын төлейді. Газа бұрынғыдай басқыншылардың зиратына айналады",- деп көрсетілді. Палестина билігінің баспасөз қызметі басқыншылар мен халықаралық қауымдастық пен АҚШ-ты осы аурухананың ішіндегі мыңдаған медициналық қызметкерлер мен жараланғандар мен босқындардың денсаулығына жауапты деп санап, осы ауруханада жаңа қылмыстар мен кісі өлтірулер жасаудан ескертті.