Газадағы әл-Шафа аураханасының жағдайы
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73796
Газадағы әл-Шафа аураханасының директоры аурухананың апатты жағдайын баяндай келіп: "Жабайы орман заңы да мұндай қылмыстарға рұқсат бермейді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 16, 2023 19:58 Asia/Almaty
  • Газадағы әл-Шафа аураханасының жағдайы

Газадағы әл-Шафа аураханасының директоры аурухананың апатты жағдайын баяндай келіп: "Жабайы орман заңы да мұндай қылмыстарға рұқсат бермейді",-деді.

Газадағы әл-Шафа аураханасының директоры Мұхаммед Абу Салмия: "Ауруханадағы адамдар шөл қысып айғайлап жатыр",-деді.

Мұхаммед Абу Салмия сионистік режим әскерилерінің аураханаға әлі де оқ атып жатқанын айтып: "Ешкім бір ғимараттан екіншісіне бара алмайды. Әріптестерімізбен байланысымыз үзілген",-деді.

Ол сионистік дрондардың аурухана үстінде үздіксіз ұшып жүргенін айтып: "Сионистік әскерилер кейбір бөлімдерді аралайды. Бірнеше мәйітті алып кетті. Біз 80-ге жуық мәйітті аурухананың ауласына жерледік",-деді.

Газадағы әл-Шафа аураханасының директоры: "Ауруханада оттегі толық таусылған. Израильдіктердің ауруханаға қару-жарақ кіргізілгені туралы ақпараттары жалған",-деді.