Газа Денсаулық сақтау министрлігі: Индонезия ауруханасынан 200 науқас шығарылды
(last modified Tue, 21 Nov 2023 16:15:14 GMT )
Қар 21, 2023 22:15 Asia/Almaty
  • Газа Денсаулық сақтау министрлігі: Индонезия ауруханасынан 200 науқас шығарылды

Газа Денсаулық сақтау министрлігі Халықаралық Қызыл Крест комитетінің үйлестіруімен осы ауруханадан 200 палестиналық науқастың эвакуацияланғанын хабарлады.

 

Газа секторындағы үкіметтік баспасөз қызметі дүйсенбі күні сионистік режимнің Газадағы басқыншылығының шәһидтерінің саны 13 300 адамға, жараланғандар саны 31 000-нан асқанын хабарлады. Газа Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің Газа секторының солтүстігінде Индонезия ауруханасына жасаған шабуылы нәтижесінде 12 адамның шәһид болғанын және ондаған палестиналықтардың жараланғанын хабарлады.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Қадара сейсенбі күні Израиль армиясының Индонезия ауруханасын қоршауға алғанына тоқталып: «Сионистердің Шафа ауруханасында жасаған қылмысын осы ауруханада қайталауы мүмкін»,- деді.