ХАМАС: Қарсыласу Газада Америка және Израиль әскерлерімен соғысуда
ХАМАС қозғалысы басшыларының бірі Газадағы қарсыласу күштерінің тек Израиль армиясымен ғана емес, АҚШ-пен де соғысып жатқанын айтты.
Ол «Әл-Жазира Мубашер» ақпарат арнасына берген сұхбатында: «Басқыншылардың Газа халқын ығыстыруда сәтсіздікке ұшырайтынына және Газа сионистік сарбаздар үшін зиратқа айналатынына сенімдіміз»,- деді. Ғази Хамд: «Біз АҚШ үкіметіне сеніміміз жоқ және Газадағы жағдайды өзгерту үшін жасалған қастандықты жеңуге күшіміз бар. Қарсыласу майданы басқыншылардың әлсіздігін ашып, Палестина мәселесін қайта жандандыру арқылы тарихтың бетін өзгертті»,- деп мәлімдеді.
Басқа жақтан ХАМАС үкіметінің Газадағы ақпарат кеңсесі сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдары кезінде 14128 адамның шәһид болғанын, оның 5840-ы балалар және 3920-сы әйелдер екенін хабарлады.