Сионистік режимге Палестина қарсыласу шарттарын енгізу арқылы атысты тоқтату туралы келісім жарияланды
Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы бүгін таңертең атысты тоқтату келісімін растағаннан кейін осы келісімнің мазмұнын жариялады.
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы былай деп баса айтты: "Бұл келісімнің ережелері қарсыласу көзқарасы мен оның ой-пікірлеріне негізделіп, халыққа қызмет ету және басқыншылыққа қарсы тұрақтылықты нығайтуды мақсат етеді",- деді. ХАМАС мәлімдемесінде уақытша атысты тоқтатудың 4 күнге созылатыны айтылды. ХАМАС: "Осы келісімге сәйкес, гуманитарлық көмек, медициналық көмек пен жанар-жағармай тиелген жүздеген арнайы жүк көлігі Газаның барлық аймақтарына ешбір ерекшеліксіз кіреді. Келісімге сәйкес, Газаның барлық аудандарындағы сионистік режимнің әскери әрекеті, сондай-ақ Газадағы осы режимдегі бронетранспортерлердің қозғалысы тоқтатылады. 150 палестиналық тұтқынға қарсы 50 сионистік қоныстанушы тұтқыннан босатылады",- деп мәлімдеді.
Атысты тоқтатудың басталғаны туралы хабар жоқ, бірақ Катар билігі атысты тоқтатудың алдағы 24 сағатта басталатынын айтты.