Газада шәһидтер саны 14 мыңнан асты
(last modified Thu, 23 Nov 2023 17:02:22 GMT )
Қар 23, 2023 23:02 Asia/Almaty
  • Газада шәһидтер саны 14 мыңнан асты

Израиль режимінің Газа секторына үздіксіз шабуылдарының 47-ші күнінде қаза болған палестиналықтардың саны 14532 адамға жетті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа үкіметінің баспасөз қызметі мен Денсаулық сақтау министрлігі осы секторда қаза тапқан 14532 адамның 6 мыңы бала, 3920 әйел екенін хабарлады.

Газа үкіметінің баспасөз қызметі: "Сионистік режимнің шабуылдары мен бомбалауларының салдарынан осы күнге дейін 7 мыңнан аса адам іс-түзсіз жоғалып кетті. Олардың 4700 мыңнан астамы – әйелдер мен балалар",-деді.

Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) пен Израиль режимі 45 күндік қақтығыстан кейін ақырында 4 күндік атысты тоқтату бітімін жасады. Осы бітімге сәйкес Израильдің кепілге алынған 50 әйелі мен 19 жасқа дейінгі баласы, Палестинаның кепілге алынған 150 әйелі мен 19 жасқа дейінгі баласы азат етіледі. Осы келісім жүзеге асса, келесі кезеңде кепілден босатылатындар саны артады.  

Келісімге сәйкес, осы төрт күндік бітім кезінде Израиль режимінің қырғи ұшақтары сағат 10:00-16:00 аралығында 6 сағатқа Газаның оңтүстігі мен солтүстігіне шабуылдарын тоқтатады. Тель-Авивтің сендіруінше, Газа секторында ешбір адамға шабуыл жасалмайды. Адамдар Газаның солтүстігінен оңтүстігіне Салахеддин көшесі бойымен еркін қатынай алады.

Осы жағдайда мемлекеттік емес ұйымдар, соның ішінде Халықаралық кешірім ұйымы Газада төрт күнге бітім жариялаудың жеткіліксіз екенін баса айтты.