Йемен: Израильдің кемелерін қорғайтын кез келген тарап нысанаға алынады
Йемен армиясының теңіз күштері Израильдің барлық кемелеріне тағы да ескерту жасап: "Израильдің кемелерін күзеткісі келетін кез келген әскери тарап Йемен теңіз күштерінің заңды нысанасына айналады",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йемен армиясының теңіз күштері сәрсенбі күні мәлімдеме жасап: "Сионистік дұшпан Газаға шабуылдарын және Палестина халқына қарсы қылмыстарын тоқтатқанға дейін Израильдің кемелеріне қарсы әскери операциялар жалғаса береді",-деп хабарлады.
Йемен армиясының теңіз күштері осы мәлімдемеде Қызыл теңізден өтетін барлық кемелерге Израильдің кемелерінен алшақ жүріп, өздерінің анықтау жүйелерін өшірсін деп ескертті.
Йемен армиясының теңіз күштері сондай-ақ Израильдің кемелерімен өз тауарларын тасымалдайтын коммерциялық компанияларға да ескерту жасады.
Йемен армиясының баспасөз өкілі Яхия Саридың хабарлағанындай, Йемен армиясы Газа халқына қолдау ретінде Израильдің кемелерін көрген жағдайда нысанаға алады.
Йемен армиясының теңіз күштері жексенбі күні Қызыл теңізде бір израильдік кемені тәркілеп, ондағы 52 адамды тұтқындады.