Уақытша бітім басталғаннан кейінгі Газа секторының жағдайы
(last modified Fri, 24 Nov 2023 10:48:40 GMT )
Қар 24, 2023 16:48 Asia/Almaty

Al-Mayadeen арнасының тілшісі жұма күні таңертең уақытша бітімнің алғашқы сағаттарында палестиналық босқындардың Газаға қайту үдерісінің басталғанын айтып: "Басқыншылар Рафахтың шығысында және Газаның солтүстік-батысында атысты тоқтату бітімін бұзды",-деді.

Al-Mayadeen арнасының тілшісі репортажының жалғасында: "Палестиналық босқындар көшеге шықты, басқа тұрғындар жаралыларды емдеу үшін ауруханаларға барды. Басқалары өткен түнгі шәһидтердің жаназасын шығару үшін зиратқа қарай ағылып жатыр",-деді.

Al-Mayadeen арнасының хабарлауынша, жанар-жағармай тиеген фуралар апталар бойғы қоршаудан кейін Рафах өткеліне кірді. Израильдің бомбалау қарқыны бәсеңдеді. Бірақ басқыншылар Рафахтың шығысында және Газаның солтүстік-батысында атысты тоқтату бітімін бұзды.

Al-Mayadeen арнасының тілшісі: "Азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиеген 200 жүк көлігі бүгін Рафах өткелінен Газа секторына кіреді деп жоспарлануда. Осы секторға тарату үшін Рафах өткелінің палестиналық жағында жанар-жағармай тиеген фураларды босату үдерісі басталды. Босатылған фуралар Мысыр жеріне қайтып оралады",-деді.

Al-Mayadeen арнасының тілшісі: "Сионистер Бейт-Ханун қаласында орналасып, тұрғындардың ілгерілеуіне тосқауыл қойып отыр. Басқыншылар халыққа ескерту жасап, ілгерілеген немесе қозғалған жағдайда оларға оқ атамыз деп сес көрсетті",-деді.