ХАМАС АҚШ-тың аймақтағы жоспарына орны толмас соққы берді
(last modified Mon, 27 Nov 2023 12:29:23 GMT )
Қар 27, 2023 18:29 Asia/Almaty
  • ХАМАС АҚШ-тың аймақтағы жоспарына орны толмас соққы берді

Палестина исламдық джиһад қозғалысының Ирандағы өкілі ХАМАС-тың 7 қазанда жүргізген операциясын АҚШ-тың аймақтағы жоспарына орны толмас соққы деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Абушариф: "ХАМАС-тың шабуылы сионистік режимнің қорғаныс және қауіпсіздік құрылымына түбегейлі соққы берді. Батыс елдері сионистік режимге көмекке келмегенде, бұл режим құлайтын еді",-деді.

Насер Абушариф: "Сионистік режимнің барлық қылмыстарына қарамастан, Палестина халқы қасқайып тұр. Қарсыласу күштері соғысты басқару қуатынан айырылған жоқ",-деп еске салды.

Ол осы күнге дейін Батыс елдерінде Палестинаға қолдау ретінде 1500-ден аса жиын өткенін айтып: "Бүгінде Батыста қарсыласу күштері туралы әңгіме таралып жатыр",-деді.