ХАМАС басшысы: Нетаньяхудың Газаға жасырынып кіруі – жеңілістің белгісі
(last modified Mon, 27 Nov 2023 15:10:56 GMT )
Қар 27, 2023 21:10 Asia/Almaty
  • ХАМАС басшысы: Нетаньяхудың Газаға жасырынып кіруі – жеңілістің белгісі

ХАМАС палестиналық қарсыласу қозғалысы басшыларының бірі: "Сионистік режим Премьер-министрінің жарнамалық суретке түсу үшін Газаға жасырынып кіруі – бұл режимнің жеңілгенінің белгісі",-деп баса айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Басем Наим: "Басқыншы режим палестиналық тұтқындардың босатылғанын тойлауға кедергі жасауды көздеп отыр. Өйткені бұл режим күш көрсету арқылы өз тұтқындарын босатуда жеңіліс тапты",-деді.

ХАМАС басшысы сондай-ақ: "Қарсыласу күштері соғыс алаңы және тұтқындармен алмасу мәселесінде басымдыққа ие",-деді.   

Израиль Премьер-министрінің кеңсесі жексенбі күні Беньямин Нетаньяхудың Газа секторына барғанын хабарлады. Нетаньяху соғыс алаңындағы сионистік күштерден қауіпсіздік жағдайы туралы рапорт алып: "Израиль армиясы толық жеңіске жеткенге дейін Газада соғысты жалғастыра береді",-деді.