Газада атысты тоқтату бітімі тағы бір күнге ұзартылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74114-Газада_атысты_тоқтату_бітімі_тағы_бір_күнге_ұзартылды
Бейсенбі күні таңертең 6 күндік атысты тоқтату бітімі аяқталғаннан кейін ХАМАС: "Бұл келісім тағы бір күнге ұзартылды",-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 30, 2023 14:47 Asia/Almaty
  • Газада атысты тоқтату бітімі тағы бір күнге ұзартылды

Бейсенбі күні таңертең 6 күндік атысты тоқтату бітімі аяқталғаннан кейін ХАМАС: "Бұл келісім тағы бір күнге ұзартылды",-деп мәлімдеді.

Катар СІМ-нің баспасөз хатшысының бейсенбі күні таңертең хабарлауынша,  30 палестиналық тұтқын Газадағы 10 израильдік тұтқын, Ресейдің 2 азаматы және Тайландтың 3 азаматына алмастырылып, босатылады.

6 күндік атысты тоқтату бітімі аяқталғаннан кейін бейсенбі таңғы сағат 07:00 сионистік режимнің армиясы мен ХАМАС бітімді тағы бір күнге ұзартқандарын хабарлады.

ХАМАС өз мәлімдемесінде: "Өткен аптаның жұма күні басталған атысты уақытша тоқтату бітімі ұзартылды. Тараптар арасындағы қақтығыстарда тағы бір 24 сағат үзіліс болады",-деді.