Газа соғысында шәһид болған тілшілер саны 71 адамға жетті
(last modified Fri, 01 Dec 2023 15:26:39 GMT )
Жел 01, 2023 21:26 Asia/Almaty
  • Газа соғысында шәһид болған тілшілер саны 71 адамға жетті

Ақпарат көздері сионистік режимнің Газадағы басқыншылықтарының жаңа кезеңінде "Әл-Ақса" телеарнасы тілшісінің шәһид болғанын хабарлады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Әл-Ақса желісінің» операторы әрі тілшісі  Абдулла Дарвиш сионистік режимнің Газа секторындағы соңғы басқыншылық әрекеттерінде шәһид болды.

Палестина үкіметі баспасөз қызметі: «Әл-Ақса желісі» тілшісінің шәһид болуымен 7 қазаннан және "Әл-Ақса дауылы" операциясы басталғаннан бері   шәһид болған тілшілердің саны 71 адамға жетті",- деп мәлімдеді.