Палестинадағы соңғы өзгерістер: сионистердің шабуылдары мен палестиналықтардың қарсыласуы жалғасуда
Сионистік режимнің Газа секторын бомбалауы жалғасып жатыр. Соның салдарынан Газада қаза тапқан тілшілер саны 74-ке жетті. Кемінде 10 сионистік сарбаз қаза тапты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режим бүгін, жексенбі күні таңертең Газа секторын бомбалаудың жаңа толқынын бастады.
Сионистік режимнің Рафахтың шығысындағы әл-Джанина ауданындағы Әбу Азумның үйіне шабуылынан қаза тапқандар саны 7 адамға жетіп, 10 адам жараланды.
Сондай-ақ сионистік режимнің Газа секторының әл-Насират лагеріндегі бір үйге шабуылында 12 палестиналық шәһид болды.
"Хассан Фараджулла" атты тағы бір тілші бүгін, жексенбі сионистік режимнің Газаны бомбалауында қаза тапты. Осы шәһидті қосқанда сионистік режимнің 7 қазанда Газа секторына басқыншылығы басталғаннан бері қаза тапқан медиа өкілдерінің саны 74 адамға жетті.
Сонымен қатар бүгін сионистердің қырғи ұшақтары Газаның орталық бөлігіндегі әл-Захра, әл-Зуидат, әл-Мағрақа аудандары, Газаның солтүстігіндегі Джебелия лагері, әл-Сафтави, Бейт-Лахия аудандары, Хан-Юнестің батысындағы Хамд қаласы мен Рафахты бомбалады. Соның салдарынан бірқатар палестиналық шәһид болып, жараланды.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Қадра: "Сионистік режимнің 7 қазанда Газа секторына басқыншылығы басталғаннан бері 15207 палестиналық қаза тауып, 40652 адам жараланды. Сионистік режимнің басқыншылықтарында құрбан болғандардың 70 пайызы – балалар мен әйелдер",-деп хабарлады.