Қарсыласу күштері Тель-Авив пен оның айналасына зымыран атты
Әл-Қассам батальондары: "Сионистердің Газаға шабуылдарына жауап ретінде Тель-Авивке зымырандық шабуылдың жаңа легін бастадық",-деді.
Сионистік ақпарат құралдары жексенбі күні таңертең басып алынған Палестинаның орталық аудандарына, соның ішінде Тель-Авив пен оның айналасына зымырандық шабуыл жасау қаупі бар деп қатер дабылы қағылғанын хабарлады.
Сионистік ақпарат құралдары: "Қарсыласу күштері зымырандық шабуылдың жаңа легінде Тель-Авив пен оның айналасына кемінде 100 ракета атты. Осы аудандардың тұрғындары тез арада жерпаналарға баруы керек",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әл-Қассам батальондары жексенбі күні зымырандардың сионистерге қарай атылған сәті түсірілген видеоны жариялап, басқыншылардың Газа секторына шабуылдары тоқтатылмайынша қарсыласу жалғаса беретінін айтты.
Сионистік ақпарат құралдары сондай-ақ Тель-Авивте әуе-қорғаныс кешенінің бір зымыраны нысананы дұрыс анықтай алмай, Ғушдан ауданындағы сионистердің үйлеріне түскен сәті түсірілген суреттерді жариялады.