Газадағы жағдай: ауыр түндер, одан да ауыр күндізгі ұрыстар
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74210-Газадағы_жағдай_ауыр_түндер_одан_да_ауыр_күндізгі_ұрыстар
Газаның солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктеріндегі түрлі аудандарда жексенбі күні кештен дүйсенбі таңертеңге дейін атыс болды. Басқыншылар атысты үдетіп, Газаға әуеден және құрлықтан бомбалар тастап, оқ жаудырды.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Жел 04, 2023 19:52 Asia/Almaty

Газаның солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктеріндегі түрлі аудандарда жексенбі күні кештен дүйсенбі таңертеңге дейін атыс болды. Басқыншылар атысты үдетіп, Газаға әуеден және құрлықтан бомбалар тастап, оқ жаудырды.

Al-Mayadeen ақпарат арнасы тілшісінің хабарлауынша, "Таңертең қарсыласу күштері мен басқыншылар арасында Газаның орталық бөлігіндегі Дейр әл-Балхтың оңтүстік-шығысында кескілескен шайқас болды".

Al-Mayadeen ақпарат арнасының хабарлауынша, басқыншылар табанды қарсылыққа ұшырады. Қарсыласу күштері басқыншылардың жағалауға апаратын әл-Рашид көшесіне қарай ілгерілеуіне тосқауыл қойып отыр.

Осымен бір мезгілде Израильдің қырғи ұшақтары үздіксіз бомбалау арқылы Хан-Юнестегі Хамд қаласы маңында от белбеуін тудырды. Израильдің әскери қайықтары Рафах жағалауына оқ жаудырды.

Сионистік режимнің Газа халқына шабуылдап жатқанына 58 күн болды. Шәһидтердің саны 15523 адамға жетті. Оның ішінде 6600 бала, 4300 әйел бар. Сондай-ақ 41316 адам жараланып, 7500 адам із-түссіз жоғалды.