Бүгін таңертең сионистік әскерилердің шабуылынан кемінде 4 палестиналық қаза тапты
Жел 04, 2023 21:50 Asia/Almaty
Бүгін таңертең сионистік әскерилердің Иордан өзенінің батыс жағалауына шабуылында кемінде 4 палестиналық қаза тауып, 2 полиция қызметкері жараланды.
Сионистер сондай-ақ Акаба-Джабр және Ейн ус-Сұлтан лагерьлері мен Ариха қаласының кейбір аудандарына шабуыл жасады. Сионист әскерилер Джениннің кейбір аудандарында тұрғындардың үйлеріне баса-көктеп кіріп, палестиналық жастарды қамауға алды.
Қарсыласу күштері басқыншылармен қақтығысып, олардың жолында қолдан жасалған бомбалар жарды. Калькилиядағы Кфар Саба ауданында да қарсыласу күштері мен сионист әскерилер арасында қақтығыс болды.
Тегтер