Әл-Қассам күштері израильдік сарбаздарды өлтіру үшін торуыл ұйымдастырды
Әл-Қассам бригадаларының баспасөз өкілі Газадағы қақтығыстарда израильдік сарбаздардың қаза табуына тоқталып: «Қарсыласу күштері әскери жиындарды нысанаға алып, сионистік режимнің терең жерлерін зымыранмен атқылаған»,- деді.
ХАМАС қозғалысының әскери бөлімшесі әл-Қассам бригадаларының баспасөз өкілі Әбу Убейда соңғы үш күнде Газа секторының әртүрлі осьтерінде сионистік күштердің 135 әскери көлігінің жойылғанын хабарлады. Ол ондаған израильдік әскердің өлтірілуі мен жаралануына тоқталып, туннельдер мен үйлердің кіреберістерінің бомбалануын атап өтіп, бұл әрекет кезінде бірнеше Израиль әскерінің қаза тапқанын айтты. Әбу Убейда: «Қарсыласу күштері минометтер мен қысқа қашықтықтағы зымырандар арқылы әскери жиындарды нысанаға алып, сионистік режимнің терең жерлерін бомбалады»,- деді.