Мысыр Америка мен Израильге Газа халқын Синай шөліне көшіру туралы ескерту жасады
(last modified Fri, 08 Dec 2023 14:43:51 GMT )
Жел 08, 2023 20:43 Asia/Almaty
  • Мысыр Америка мен Израильге Газа халқын Синай шөліне көшіру туралы ескерту жасады

Америкалық БАҚ Египеттің Вашингтон мен Тель-Авивке Газа тұрғындарын Синай шөліне көшіру туралы ескерткенін хабарлады.

 

Төрт израильдік және америкалық қайраткерлердің Axios агенттігіне хабарлауынша, Египет Газаның оңтүстігіндегі Израильдің әскери операциялары нәтижесінде палестиналық босқындар Синай шөліне қашса, бұл мәселе Каир мен Тель-Авив арасындағы  қарым-қатынастардың бұзылуына әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Мысыр мен Израиль арасындағы, әсіресе екі жақтың әскери және барлау мекемелері арасындағы қарым-қатынастар Газа соғысында әсіресе тұтқындар алмасуы үшін өте маңызды болды. Соғыс басталғаннан бері Мысыр палестиналықтарды Газадан шығарып, Мысырға жіберу жоспарлары туралы бірнеше рет ескертті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі, UNRWA бес күн бұрын Газаның 1,9 миллион тұрғыны, оның ішінде бүкіл аймақ халқының 85% ішкі миграцияға мәжбүр болғанын хабарлады.